31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих, география және өзін-өзі тану кафедрасы оқушылармен бірге Түйетөбеде орналасқан саяси қуғын – сүргін құрбандарына арналған ескерткішке барды.⠀
⠀
Солақай саясаттың құрбандарына айналып, жазықсыз мерт болған ата-бабаларға тағзым еткен Зияткер оқушылар бұл көп ұлттың басына төнген қасірет екенін ұғынды. Олар мыңдаған адам атылған Түйетөбе сайында тұру оңайға соқпағанын айтады.⠀
⠀
– «Түйетөбе» ескерткішіне барып келгенше ұстаздарымыз репрессияға ұшыраған қазақтың, өзге ұлттардың зиялы қауымдары жайлы, ашаршылықтағы жантүршігерлік деректі фактілерді баяндап берді. Көп мағлұмат алдық. Тарихтағы зұлмат сәттерді қайталанбас үшін тарихтан, өткеннен сабақ алуымыз керек, – деді 8-сынып оқушысы Нұрданат Бисенбі.⠀
⠀
Аза тұту шарасы Түйетөбеде жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді. Бұл жолы зияткерлік мектептен барған бір топ адам аштықтан қырылған, ату жазасына кесілген ата-бабалар рухына құран бағыштап, тағзым етті.⠀
⠀
– Біз екі автобус болып бардық. Тарихшы апай, ағайлар осындай қаралы даталардың, бұндай жерлерге барудын маңыздылығын түсіндірді. Өткен ғасырда болған аштық пен репрессияның салдарын айтты. Біз – бейбіт заманда өмір сүріп жатқан жас ұрпақ осындай үдерістерді болдырмау керекпіз. – деді 8-сыныпта оқитын Әміржан Жылқайдаров.