Қалалық сеңбілікке Ақтөбедегі NIS ұжымы мен оқушылары ат салысуда. Мектеп алдындағы саябақты тазалады, тал түптерін қопсытты. Мектеп қауымдастығы қала тұрғындарын бос бөтелке, шемішкенің, әсіресе, темекінің қалдықтарын қоқысқа тастап жүруін өтініп сұрайды.⠀
⠀
– Оқушыларымыз қолда барды бағалай білуі үшін біз оларды айналасынан бастап қызмет етуге үйретіп, еңбек етуге баулуымыз керек. Балаларыңызды өз қаласына, еліне қызмет етуді үйретіңіз, сонда олар отбасына, ата-анасына қызмет ете алады. Кіші Отан – тер төккен, күш жұмсаған жер, – деп бөлісті Ақтөбедегі NIS директоры Сәуле Өмірбекова.⠀
⠀
Ақтөбе қаласы әкімінің «Ақтөбе қаласын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі күзгі екі айлықты өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, 2022 жылдың 12 қыркүйек пен 4 қараша аралығында сенбіліктер өткізіледі. Осыған орай, іргелес аумағыңызда санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, сенбілікке белсенділікпен қатысуға шақырамыз!