Ақтөбе қаласындағы NIS-те шахматтан желілік спартакиада өтті. Онлайн спартакиадаға «Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымы филиалдарының 200-ден астам оқушысы қатысты.
Ақтөбелік мектеп намысын Әмірбек Ерғалиев, Аягөз Ілияс, Арсен Жетібаев, Мерейлі Қараш, Әмина Құрманғалиева, Ербол Темірхан, Анастасия Урманцева және Тұрар Тұрақбай қорғауда.
Қатысушылардың ең кішісі, сегізінші сынып оқушысы Арсен Жетібаев І разрядты шахматшы екені белгілі болды. Ол бұл ойынды 8 жасынан бастап ойнайды. Арсен өзінің ең ұзақ ойыны төрт сағатқа созылғанын айтты:
– Шахматты өмірде де қолдануға болады. Кез келген тапсырманы орындамас бұрын, оны өзім байқамай, мен кейбір әрекеттерді талдайды екенмін. Біз ойын тактикасын шынайы өмірде қолданып үйренуіміз керек. Ойынға баулыған әкеме, қабілетімді байқап, шахмат үйірмесіне апарған анама рахмет.
Қатысушылар бұған дейін онлайн режимінде шахмат ойнауға машықтанғандарын, сонымен қатар мұнда өздерінің тұзақтары мен стратегияларын жасайтындарын айтты.