Зияткерлер эко-челленджге қатысуда⁣⁣

Өткен аптада Зияткерлер ECO Network компаниясының жетекшісі Айман Сексеновамен кездесті. ⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

Бұл кездесудің басты мақсаты экорейнджерлерге қала бойынша өткізіліп жатқан эко-челленджге қатысу ережесі мен тіркелу формасын түсіндіру болатын. Яғни әр оқушы ұялы телефондарына ECO Network қосымшасын жүктеп, берілген тапсырмаларды орындап, ұпай жинайды. Қорытынды ұпай мектептің атына жазылып, 15 мамырда нәтижесі шығады. ⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

Тіркелу бойынша немесе басқа сұрақтарыңыз болса, жоба жетекшісі Айнур Нурписоваға жазыңыздар: nurpissova_a@akb.nis.edu.kz.⁣⁣⠀