Зияткерлер аналарына сыйлық жасады⁣⁣

8 наурыз қарсаңында 12Н сынып оқушылары өз қолдарымен сыйлық жасап, аналарын қуантуды жөн көрді. Арт студиясының жетекшісі Илсуяр Казакова мен педагог-ұйымдастырушы-куратор Марфуға Қарасаеваның ұйымдастыруымен «Анаға сыйлық» атты шеберлік сағаты өтті. Оқушылар емтихан алдында дайындықтан босамай жүрсе де, шығармашылыққа уақыт тапты. Арт-студияда балалар жағымды әуен тындап отырып, ағаш панноға әр түрлі гүлдер салды. Балалардың қолымен жасалған сыйлықтар аналарының асханасының сәнін келтіреді.⁣⁣⠀