Зияткерлер Ахмет Байтұрсынұлы қызмет еткен мектепке барды

Ақтөбе қаласы NIS оқушылары Ахмет Байтұрсынұлы қызмет еткен Алға ауданы, Қарағаш ауылдық округіндегі ұлт ұстазы атындағы орта мектепке зерттеу жұмысы негізінде барып қайтты. NIS тарих пәні мұғалімдері 1895 жылы Орынбор мұғалімдер семинария¬сын тәмамдаған 23 жастағы жас ұстаз Ақтөбе уезінің Қарағаш болысындағы Батпақты ауылындағы мектепте екі жыл сабақ беріп, талай баланың сауатын ашқанын мәлімдеді.

Бұл іссапардан NIS Ақтөбедегі 7-сынып оқушылары Салтанат Жакенова мен Мадина Илимова «Ахмет Байтұрсынұлының өшпес іздері» атты зерттеу жұмыстарына құнды мәліметтер алғанын жасырмады. Балалар Байтұрсынұлы туралы көп адамдар біле бермейтін ақпараттарды жобаларына еңгізетінін айтты.

– Мен ол мектепке бірінші рет баруым. Ол жерде сондай ұлы тұлға кезінде жұмыс істегенін сезінгенде бір қызық сезімде болдым, сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Мектепке барғанда Ахмет атамызды білім ордасына Ахметкерей Қосуақұлы деген бай шақыртқанын білдім. Ол сол аймақтың ауқатты азаматы болған, ауыл балаларының сауаты ашылсын деп өз қаржысына мектеп тұрғызған екен, – деді жас зияткер Салтанат Жакенова.

Оқушылар мен тарих пәні мұғалімі Ақерке Сейіт, зерттеуді толықтыру үшін Ақтөбе облысының архивіне баруды жоспарлап отыр.

– Ахмет Байтұрсынұлы осы ауыл мектебінде екі жыл хаттану пәнінен ұстаздық етіп, ауыл балаларының сауатын ашты. Жобаның мақсаты – ұстаздың Қарағашта калған еңбек жолын тереңірек зерттеу, – деді жоба жетекшісі Ақерке Сейіт.