«Жоғары сынып оқушысына 100 сұрақ»

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 7-сынып оқушыларына бағдарлау апталығының кезекті күні өтті. Жас Зияткерлерге «Жоғары сынып оқушысына 100 сұрақ» сессиясы мен олимпиадалар, ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздарының TEDx баяндамалары ұйымдастырылды.

Жоба аясында мектебіміздің белсенді оқушылары балалардың сұрақтарына жауап беру арқылы оқу тәжірибесімен бөлісті. Бағалау жүйесі, хобби, жобалар, тілді меңгеру сынды сауалдар қойылды. Бұдан соң 7-сынып оқушылары пәндік курстарға қатысты.