Желілік спартакиада Ақтөбеде⁣⁣

Бүгін Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен NIS мектептері арасындағы футзалдан желілік спартакиада басталды. Үш күнге созылатын спорттық додада бақ сынауға Ақтау, Атырау, Орал, Қостанай және Ақтөбе қалаларындағы зияткерлік мектептердің оқушыларынан құралған құрама командалар келді.⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

Алғашқы ойын Ақтөбе және Қостанай қалаларының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында өтті. Қостанайлық екі команда спартакиаданың бірінші күні нәтижесі бойынша топ бастап тұр. Ақтөбенің қыздар командасы да намысты қолдан бермеуде. Екінші матчта Ақтау зияткерлері ойынның аяқталуына екі секунд қалғанда гол соғып, Оралдық командамен есеп теңестірді. Алғашқы күннің ең тартысты ойыны Атырау мен Ақтау спортшыларының арасында өтсе, Оралдық қыздар ең ұйымшыл топ екенін білдіріп, біріге әдемі ойын көрсетті. Спартакиаданы сағынған жергілікті жанкүйерлер барлық командаға тапжылмай қолдау білдірді.⁣⁣⠀

Барлық кездесулерден кейін төреші Илья Кирюшкин турнирдің жоғары деңгейін атап өтті.⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

– Бүгін мен төрт ойынға төрешілік еттім. Балалар допқа таласа жүгіріп, залдың әр бөлімінде тартысты ойын⠀жүргізді. Бұл тек бірінші күні, медальдар үшін матчтар алдағы күндері басталады, біз бұдан да көп эмоциялар мен одан да жақсы матчтар күтеміз, – деді төреші.⁣⁣⠀