Жазғы мектептің үшінші күні қызықты сәттерге толы болды

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жазғы мектеп-2022» үшінші күні өтуде. Жеті күн ішінде 500 студент таңдалған бағыттар бойынша білімі мен біліктілігін тереңдете алады.

– Оқу барысында кейбір үйірмелерге баруға уақытымыз болмай жатады. Жазғы мектеп кезінде мүсін, сурет, робототехника сабақтарына осымен үшінші рет қатысып отырмын. Каникулдың былай басталуы маған қатты ұнайды, – деп бөлісті тоғызыншы сынып оқушысы Аягөз Ілияс.

Биылғы жылы Жазғы мектеп аясында студенттерге 36 курс ұсынылды. Мектеп оқушылары үшін математика, физика, биология, химия, тіл пәндері бойынша сабақтар жүргізіледі. Сонымен қатар, фотосурет, театр өнері, мүсін, қаржылық сауаттылық, робототехника және т.б. қызықты курстар. Сондай-ақ студенттерге пәндік олимпиадаларға және IELTS, SAT емтихандарына дайындалу курстары ұсынылады. Жазғы мектеп 3 маусымға дейін жалғасады.