Бұл курсқа 8-10 сыныптардың әр түрлі жастағы оқушылары қатысты. Курс тыңдаушылары графика және мүсіншілер болып екі топқа бөлінді.
Үйірме мұғалімі Алмаз Елеуовтің айтуынша, оқушылардың пішіндер мен жалпы силуэтті қабылдауы жақсарған.
– Графиктердің жұмысы анатомиялық тұрғыдан дұрыс болып шықты, оларға тек көлеңкелеумен жаттығу және жарық пен көлеңкені түсіну қажет. Теориялық жағынан анатомия өте жақсы игерілді, студенттердің бірі беттегі ашу сезімін керемет түрде жеткізе білді. Бет пішіні мен анатомиялық ерекшеліктерін жақсырақ түсіну үшін біз айқын белгілері бар беттерді қолдануға тырыстық. Мен көбірек еркектік бет-әлпеттерді мүсіндеуді ұсындым, өйткені процессте олардың салу оңайырақ. Жаңадан бастаған мүсіншілер үшін әйелдік ерекшеліктер өте қиын, бірақ бұл Зияткерлік мектептің кейбір оқушыларына күрделі жұмыстарды таңдауға кедергі болмады. Қиыншылықтарға қарамастан, балалардың көпшілігінің қолынан келді және бұл үшін қуанбасқа болмайды, – деді Алмаз Елеуов.
Жақында студенттер бұдан да әсерлі өнер туындыларын жасай алады.