Ақтөбе НЗМ-де «Жазғы мектеп-2022» басталды. 26 мамыр мен 3 маусым аралығында мектеп қатысушыларына тәрбие сағаттары мен түрлі шеберлік сабақтары өтеді. Оқушылардың жазғы мектептегі сабақтарында білімдерін шыңдап қана қоймай, физикалық қабілеттерін дамытып, шығармашылық қабілеттерін арттырады.
Бүгін «Жазғы мектеп» апталығының салтанатты ашылуы өтті, одан студенттерге арналған сабақтар мен курстар басталды.
«Жазғы мектеп» студенттері үшін «Pre-IELTS негізін салу курсы» оқу бағдарламасы, физика, ағылшын тілі, қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, география, биология, химия, математика сабақтары өтеді. Сондай-ақ мектеп оқушылары үшін «IELTS», «3D денелердің моделін жасау», «Зымыран клубы», «Робототехника», «Химиядағы ойлау негіздері», «Қаржылық сауаттылық», «БҰҰ моделі», «Photocamp», «Генетика музыкасы», «Шығармашылық калейдоскоп», «Данышпандар академиясы», домбыра, актерлік шеберлік, хореография, сәндік-қолданбалы өнер үйірмелері, футбол, баскетбол, волейбол секілді спорт түрлері мен пікірсайыстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, студенттер Arduino платформасында электронды құрылғылар жасап, физика, химия, биология пәндерінен эксперименттер мен зертханалық жұмыстар жүргізеді.