Жатақхана балалары өз жеміс-жидектерімізден компот ішеді

Ақтөбедегі Зияткерлік мектеп ауласында ағаштардың көптеген түрлері бар, олардың бірі – жемісті ағаштар. Шие, қарақат, алма, өрік теру науқанында жатақхана медбикелері балалар үшін оларды жинап, мұздатқышқа салып сақтайды. Осылайша суық мезгілінде жатақханада жатып оқитын зияткер оқушылар аула жеміс-жидектерінен пайдалы дәрумендерге бай компот ішу мүмкіндігіне ие.

Жатақхана медбикесі Шолпан Алдабергенова балалардың кейде жеміс-жидек қосылған фито шәй сұрататынын атап өтті. Медбике шәдан бөлек сусынға лимон, апельсин сияқты цитрус жемістерінің бөліктері мен жалбыз жапырақтары ерекше дәм мен С витаминінің болуына кепілдік беретінін айтты.

Салауатты тамақтану мамандары жидектер мен жемістерді тосап пен джем жасамай, қысқы маусымға осылай мұздатып сақтауға кеңес береді. Мұздату, олардың пікірінше, жидектер мен жемістерді барлық пайдалы қасиеттерімен сақтаудың жақсы тәсілі.