Бүгін 🌱#NISAqtóbe қауымдастығы «Замандастар жырлары» жобасы аясында жас жазушы, айтыскер ақын Әлихан Жақсылықпен жүздесті. Шара барысында жас қаламгердің шығармашылығы және қазіргі қазақ айтысы туралы сөз қозғалды. Оның бала кезінен тарих пен әдебиетке деген құштарлығы – ол жеткен жетістіктің бір парасы ғана: Әлихан Нұрбергенұлы 📚«Мәңгілік пирамидалар» және «Алты құрлық» кітаптарының авторы, қалалық, облыстық, республикалық деңгейде өткен ақындар айтысының жеңімпазы. Сондай-ақ балаларға арналған «Балапан» арнасындағы бірнеше сериялы мультфильмдер мен көркем фильмдердің де сценарийін жазған.
⠀
– Қазір балаларға батырлардың шайқасты өмірі емес, оқу мен ғылымға бағытталған кинотуындылар қажет. Әрине, тарихты оқып-білуіміз керек, алайда бүгінгі заман білектің емес, білімнің заманы екендігін ұмытпағанымыз абзал, – дейді Әлихан Жақсылық.
⠀
Сұхбат барысында оқушылардың сауалдарына жауап беріп, әдебиетпен сусындатқан мейманымыз мектебіміздің 8 жылдық мерейтойына орай арнау орындады, өз тілегін жолдады. Жақында жарыққа шыққан «Алты құрлық» кітабын мектеп кітапханасына табыс етті.