Жас ұстаздардың кәсіби байқауы өтті

NIS Актобеде «Педагогикалық дебют-2022» кәсіби байқауы өтті. Оған әртүрлі кафедралардан педагогикалық өтілі 5 жылдан аспаған 9 жас мұғалім қатысты.

Байқауға екі апта қалғанда қатысушылар цифрлық технологияларды қолдану арқылы ашық сабақтарын көрсетті. Байқаудың қорытынды кезеңінде «Өсу нүктелері» тақырыбындағы визит карточкасы, «Әлемді өзгертетін идея» тақырыбында TEDх болды. Онда әр қатысушы өздерін таныстырып, баяндамасын жасады, кейбіреулері жүзеге асырған жобалары мен болашаққа жоспарларымен таныстырды. «Педагогикалық арсенал» кезеңінде жасырылған ұяшықтардан жағдайды таңдау болды. Мұғалімдер тиімді сабақ беруде педагогикалық стратегиялар мен әдістер туралы білімдерін көрсетті. Сондай-ақ үй тапсырмасы ретінде TikTok-та өзін-өзі шығармашылық таныстыру бейнебаяның түсіру болды.

Қызықты презентацияларды, әдістемелік сауатты сабақтар мен ерекше жобаларды көрсеткен байқаудың барлық қатысушыларының сәтті өнер көрсеткенін атап өту керек. Байқаудың жеңімпазы биология пәнінің мұғалімі Райымбек Тұрсынбаев атанды. Екінші орын ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Майя Мурзабековаға бұйырды. Қазылар алқасы ІІІ орынды информатика пәні мұғалімі Шадияр Тажгуразовқа берді.

Номинациялар бойынша байқау жүлдегерлері:
«Жыл жаңалығы» – Естай Оспанов, математика пәні мұғалімі,
«Мейірімді ұстаз» – Айнур Годлевская, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
«Ойшыл ұстаз» – Ақмарал Арыстанғалиқызы, математика пәні мұғалімі,
«Шығармашыл ұстаз» – Гүлбаршын Төремұратова, математика пәні мұғалімі,
«Вера в себя» – Алмас Мұса, физика пәні мұғалімі,
«Шебер ұстаз» – Орынбек Қапар, география пәні мұғалімі.

Байқау дарынды педагогтарды анықтау, оларға қолдау көрсету және ынталандыру, олардың әлеуметтік жағдайы мен педагог мамандығының беделін арттыру, сондай-ақ инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында өткізіледі.