Жас педагогтарды біріктірген кәсіби алаң

Бүгін мектебіміздің жас педагогтарынан құралған «Жаса» жастар ұйымының ұйымдастыруымен алғаш рет онлайн форматта (Zoom платформасында) T-Charger Білім берудегі жаңа технологиялар конференциясы өтті. Конфренцияға еліміздің барлық аймақтарынан 170-ке жуық еңбек жолын педагогикалық саламен байланыстырған жас ұстаздар қатысты.

Конференцияны өткізудегі басты мақсат – орта, жоғары және қосымша білім беру жүйесінде оқытудың сапасын арттыру үшін білім берудің озық технологиялары мен бастамаларын ілгерілету.

Шара барысында мектебіміздің жас ұстаздары «Ford-тан Tesla-ға дейін», «Google ұрпағы, Альфа балалары», «Hard & Soft Skills» «Төңкерілген сабақ немесе баланы өзін-өзі тәрбиелеуге қалай үйрету керек» т.б. өзге де тақырыптар аясында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар конференция қонақтары ретінде Назарбаев Зияткерлік мектептері бойынша шебер ұстаз кәсіби деңгейін иеленген математика пәнінің мұғалімі Сергей Полянских және USTAZ UPGRADE мұғалімдерді кәсіби даярлау орталығының директоры Имангалиев Нұрлан ашық диалогқа байланысқа шықты.

Ұйымдастырушылар тарапынан қатысушыларға сертификат беріліп, алдағы уақытта кәсіби қолдау мақсатында сенім телефоны ұйымдастырылады.

Конференция және ұйымдастырушылар жөнінде кеңінен білгіңіз келсе, @jasanisaktobe @ed_advisers парақшаларынан таныса аласыздар.