Жас флорист⁣⁣

Ақтөбедегі NIS-тің жатақхана оқушыларына «Жас флорист» шығармашылық жұмысы ұйымдастырылды. Оқушылар шығармашылықты, сұлулықты сезіне отырып, композиция үйлестіре білді. Мектеп ауласында өсетін раушан, гортензия гүл шоқтарымен жатақхана ішін ерекше хош иіске толтырды.⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

– Гүлдерді жинау қиын емес секілді, бірақ бір композиция шығару эстетикалық талғамды қажет етеді. Жұмыстарды көпшілік назарына мектеп дәлізіне қойдық. Мектеп қызметкерлері суретке де түсіп жатыр, – дейді Зульфия Байғаниева, жатақхана меңгерушісі.⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

Сонымен қатар балалар бос уақыттарында «Мастер шеф» аспаздық, «Fantasy» қолданбалы өнер үйірмелеріне қатысып, демалыс күндері бөлме гүлдеріне күтім жасайды, бөлмелерін жинайды.⁣⁣⠀