Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Ақ Орда» және «Озат» шаңырақтары оқушылары мен кураторлары «10 қадам» қайырымдылық бағдарламасы аясында «Ана үйі» қоғамдық қорына көмек беруде. ⠀
⠀
Жоба шеңберінде педагог-ұйымдастырушы-кураторлар алдын-ала «Аналар үйіне» не керектігін біліп алды. Содан соң Зияткер оқушылар мен ата-аналары кішкентай бүлдіршіндерге арналған ойыншықтар,киімдер,керекті заттарын табыстады.⠀
⠀
Таныса келе ондағы аналар жұмыс істейтінің білдік. Мысалға «Ана үйінде» тұрып жатқан аналар өздері бірігіп, жартылай дайын өнім тағамдарын жасап, дәмді тоқаштар пісіріп, көрпелер тігіп, қосымша табыс тауып отыр.⠀
⠀
– Талай ана мен балаға пана болған қоғамдық қор елімізде жетімдер үйі болмауы үшін күш жұмсауда. Балалар осы жолы қиын жағдайға тап болған аналарға көмектесуді ұйғарды. Осынау сауабы мол іске белсене қатысқан оқушылар мен олардың ата-аналарына рахмет айтамын! – деді педагог-ұйымдастырушы-куратор Гүлнұр Қайыржан.
⠀⠀
Осыған дейін Зияткерлер наурыз⠀мерекесінде «Қобыланды», «Балауса» шаңырақтарының оншақты оқушысы⠀ауа райының суығына қарамастан қала көшелерін тазалап жүрген жұмысшыларға ыстық шәй мен бауырсақ таратты. Жұмысшылар қуана қабыл алып, алғыстарын білдірді.⠀
Сондай-ақ, қаламызда⠀өтіп жатқан «Бумеранг добра» қайырымдылық жобасын қолдау мақсатында⠀Зияткерлік мектеп қызметкерлері және оқушылары мұқтаж отбасыларға киім-кешек, тұрмыста қолданылатын заттар жинап, апарып берген болатын.⠀
⠀
Аталған жобалар шаңырақтар арасында жалғасын табатын болады. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде осы сынды басқа да игі істер «Қоғамға қызмет ету» әлеуметтік жобасына аясында жүйелі түрде ұйымдастырылады.⠀