Жанкүйерлер NIS-тің әр жеңісін барабан соғып, айғайлап тойлады⁣⁣⠀

Ақтөбедегі Зияткерлік мектепте футзалдан желілік спартакиаданың аймақтық кезеңі аяқталғанымен, спортшыларды қолдау тобында атқарылған істер әлі күнге дейін талқылануда. Желілік спартакиада-2022 кезінде трибуналар лық толы болды. Жанкүйерлер Атырау, Ақтау, Орал, Қостанай және Ақтөбе спортшыларына тапжылмай қолдау білдірді. Ойынға плакаттармен ата-аналар да келді. ⁣⁣⠀

Қыздар командалары түске дейін ойнаса, ұлдар алаңға кейін шықты. Сонымен, басқаларды қолдауға уақыты бар командалар келіп жүрді. Жергілікті жанкүйерлер оларды ойын барысында өздеріне қосылуға шақырды, осылайша олар бір-бірімен таныс емес оқушылардың бастарын қосты.⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

– Бала кезімнен орталық стадионға барамын, «біздікілердің» Ақтөбеге қалай жанкүйерлік ететінін көріп өстім. Мен барлық әндерді, ұрандарды жатқа білемін. NIS-тің әрбір жеңісін тойлай барабан соғып, айғайлап тойладық, бұл футбол атмосферасын сақтауға көмектесті. Себебі бұндай қолдау жанкүйерлердің өздеріне де, алаңдағы ойыншыларға да әсер етеді, – дейді NIS Ақтөбе 11-сынып оқушысы Нұрым Жұмағазин. ⁣⁣⠀