Кеше Ақтөбе қалалық НЗМ сегізінші сынып оқушылары жүлделі орындарға ие болған Жәутіков атындағы XXII ашық қалалық олимпиада аяқталды. Физиктер арасында Дидар Жұрынтаев үздік нәтиже көрсетсе, информатикадан Жафар Мәжитов үшінші орынға ие болды. ⠀
⠀
Қалалық Жәутіковская олимпиадасы екі іріктеу кезеңінен тұрды. Іріктеу кезеңі – 17 сәуір және 24 сәуірде екі тур онлайн режимінде өтті. 7 мамырдан 9 мамырға дейін Алматы қаласының РФММ-де кезекті XXII ашық қалалық “Жәутіков олимпиадасы-2022” аяқталды. ⠀
⠀
Олимпиаданың негізгі мақсаты – математика, физика, информатика пәндеріне қызығушылық танытатын оқушыларды анықтау және жаратылыстануға деген қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ дарынды балаларға қолдау көрсету.
⠀
Биылғы жылы олимпиадаға математика, физика және информатика пәндері бойынша 1600-ге жуық қатысушы тіркелді. Соңғы кезеңге Қазақстан Республикасының түкпір-түкпірінен іріктеуден өткен қатысушылар жіберілді.