«Замандастар жырлайды»: «Сағыныш деген өз атым» әдеби жыр кеші

Ақтөбедегі Зияткерлік мектепте «Замандастар жырлайды» жобасы аясында «Сағыныш деген өз атым» тақырыбында әдеби жыр кеші өтті. Кеш қонағы болып ақын, журналист Лаура Палман шақырылды.

Лаура Палман облыстық «Ақтөбе» телеарнасының «Үмітпен соққан жүрек», «Қайырлы кеш, Ақтөбе!», «Сенбідегі жүздесу», «Жырдария», «Әйел деген бір әлем» хабарларының авторы, бүгінгі таңда «Ақтөбе» арнасындағы «Әйелдер әлемі» хабарының редакторы және жүргізушісі.

Кеш барысында ақынның өлеңдері тыңдалып, өмірі мен шығармашылығы турасында сұхбат жүргізілді. Кешке Зияткерлер қызығушылықпен қатысып, көкейлеріндегі түрлі сұрақтарын қойып, пікір алысты. Ақын да өз кезегінде зияткер жастарға өз тілегін білдіріп, жырдан шашу шашты.