X Наурыз кездесулері: NIS оқушылары қоқыс жинайтын робот жасады
X Наурыз кездесулері: NIS оқушылары қоқыс жинайтын робот жасады
Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептерінде дәстүрлі Наурыз кездесулерінің ең қызықты әрі жауапты кезеңі өтті. Оқушылар бірнеше күннен бері қоршаған орта мәселелеріне қатысты вебинар мен тренингтерге, онлайн-көрмелер мен шеберлік сағаттарға қатысып, замандастары жасаған экологиялық жобалармен танысты. Қазақстандық және шетелдік зерттеуші-ғалымдармен тең дәрежеде пікір алмасып, білімдерін шыңдаған зияткерлер қоқыс жинайтын роботтың прототипін әзірлеуге көшті. Жұмыс барысында Arduino платасы арқылы роботтың негізгі бөлшектерін іске қосып, арнайы 3D-принтер көмегімен сыртқы бөлігін басып шығарды. Зияткерлер алдағы уақытта өнімді одан әрі жетілдіріп, қолданысқа енгізуді көздейді.
Айта кетейік, Х мерейтойлық Наурыз кездесулері биыл «Планета және пластик: адамзат экомәдениеті» тақырыбында жүзеге асырып жатыр. NIS тарихында алғаш рет қашықтан өткен жүздесуге еліміздің әр өңірінен 400-ге жуық оқушысы қатысты.