Ақтөбедегі Зияткерлік мектепке физика, математика, химия, география пәндерінен мұғалімдер қажет!

Педагогтар, ЖОО бітіруші студенттер, магистранттар мен докторанттар назарына!⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың бос лауазымдарына конкурстық іріктеу жариялайды:⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

– Физика пәні мұғалімі – 1 (орысша/ағылшынша)

– Математика пәні мұғалімі – 1 (қазақша)

– Химия мұғалімі – 1 (орысша)

– География пәні мұғалімі – 2 ⠀

⁣⁣⠀

Конкурсқа қатысу үшін үміткер: ⁣⁣⠀

– Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның ресми сайтына өтіңіз (www.nis.edu.kz); ⁣⁣⠀

– Сайттың бастапқы бетіндегі «Бос орындар» бөліміне өту;⁣⁣⠀

– «Зияткерлік мектептер» бөлімін таңдау;⁣⁣⠀

– «Педагогикалық қызметкерлер» бөлімін таңдау;⁣⁣⠀

– «Тіркелу»-ді басу және конкурс өтетін орынды/мектепті таңдау;⁣⁣⠀

– «Конкурсқа қатысу»-ды басу және қажет етілген ақпаратты енгізу;⁣⁣⠀

– Электрондық түйіндемені тіркеу «+файл»;⁣⁣⠀

– «Түйіндемені жіберу»-ді басу;⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

📌Назарларыңызға: қажет етілген ақпаратты толық енгізу міндетті болып саналады. ⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

Конкурстық іріктеудің бірінші кезеңі 2022 жылдың 6 тамызында өтеді. ⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

Тіркелу уақыты: 8.00⁣⁣⠀

Басталу уақыты: 9.00⁣⁣⠀

Ұзақтығы: 2 сағат 10 минут⁣⁣⠀

Өтетін орны: Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Мәңгілік ел к.8.