«Ұстаздар күні» мерекесіне орай Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылары ұстаздарын тәтті гүл шоқтарымен, жылы лебіздермен, қошеметпен қарсы алды! Мектеп ұжымының орындауындағы жанды музыка, мерекелік стенд, гүлдер мерекелік көңіл-күй тудырды!
Өзін-өзі басқару кеңесінің тосынсыйлары мұнымен бітпейді! Шараны ұйымдастырушылар бүгінгі киім үлгісін «Қара киім киген адамдар» фильмі бойынша таңдады. Костюмдер туралы ұмытпаңыз, бүгін біз Нью-Йоркті бағындырамыз!
Сағат 15:00-де акт залында мектеп қауымын Ұстаздар күніне орай мерекелік концертте күтеміз.