Ұстаздар күні құтты болсын!

Бүгін білім беріп, әрбір жанның өміріне шамшырақтай жол сілтер мұғалімдер күні♥︎⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан, ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді!⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Сіздерге шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт,қажымас қайрат пен

зор күш-қуат тілейміз! ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Мереке құтты болсын, ұстаздар🌸