«Үздік педагог – 2022» анықталды

Зияткерлік мектебінде биылғы оқу жылының ең үздік педагогы анықталды. Сайыста 6 педагог бақтарын сынады. Ереже бойынша сайысқа педагог-ұйымдастырушы-кураторлар, тәрбиешілер және қосымша білім беру ұстаздары қатыса алды.

 

Бүгінгі сайыста жатақхана тәрбиешісі Гульмира Жолдыгулова, педагог-ұйымдастырушы-кураторлар Аида Татимова, Жасұлан Исакаев, Алена Шиянюк, Мейрамбек Толенды, Гүлнұр Қайыржан «Үздік педагог – 2022» атағына таласты.

Жаңа дәуірдің, жаңарған елдің педагогына қойылатын талаптың жүгі ауыр. Сондықтан сайыс «Педагогикалық кейс», «Soft Skills» тақырыбындағы ашық сабақ, TedX, әлеуметтік жобалар жайында видеоролик, таныстыру сияқты шығармашылық кезеңдерден тұрды. Қазылар алқасының шешімімен Алена Шиянюк үздік деп танылып, бас жүлдеге ие болды. ІІ орын Аида Татимоваға, ІІІ орын Мейрамбек Толендыге табысталды.

Жеңімпаздарымызды жүлделерімен құттықтаймыз!