Үздік футболшылар NIS Актобеде

Петропавл қаласында өткен NIS футзал желілік спартакиадасының үздік спортшылары аталды. Ақтөбелік Санжар Бекболатов«Үздік қорғаушы» атанды. Ал «Үздік қақпашы» атағы Ақтөбе NIS ойыншысы Алина Әнуарбекке бұйырды.

Барлық қатысушы командаларға арнайы сертификаттар, фотоальбомдар мен естелік сыйлықтар, әр команданың жаттықтырушыларына алғыс хаттар табыс етілді.