2022 жылғы 14-15 сәуір күндері өткізілген Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқуға түсуге үміткерлерді конкурстық іріктеу тестілеудің нәтижелері белгілі болды.⠀
⠀
Тестілеу қорытындысы бойынша:⠀
⠀
– «Математика» бөлімінен ықтимал ең жоғары балдың 35%-ын (140 балл) және одан жоғары;⠀
– «Сандық сипаттамалар» бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың 40%-ын (120 балл) және одан жоғары жинаған үміткерлердің материалдары «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия қарауына жіберіледі.⠀
⠀

⠀
Республикалық комиссия тестілеуден ең жоғары жалпы балл (макс. балл – 1500) жинаған үміткерлерге нақты мектептер шеңберінде бөлінген грант саны шегінде грант тағайындау туралы шешім қабылдайды. ⠀
⠀
Конкурстық іріктеу нәтижелерін көру үшін сілтемеге өтіңіз:
⠀