Ақтөбе қаласындағы NIS-те мектеп үйірмелерінің жәрмеңкесі өтті. Үйірме жетекшілері мен мұғалімдер балаларға түрлі түсті постерлер дайындап, сабақ бағдарламасымен таныстырды. Үйірме жүргізуге оқушылар да, 7-сынып оқушысы да ниет етті.
Үйірмелер пәндік-интеллектуалдық, шығармашылық-эстетикалық, спорттық және кәсіптік бағдар беруге арналған. Оқушылар үйірмелердің жұмысымен танысып, ұнағандарына жазылды.
Мақсат – оқушылардың бойындағы таланттарды ашу және спорттық дағдыларды, шығармашылық қабілеттерді дамыту. Қосымша білім беру педагогтарының айтуынша, үйірмелерге бару арқылы оқушылар өз уақытын тиімді пайдалануды үйренеді, өздерін жан-жақты дамыта алады.
Қазіргі уақытта 20-дан астам үйірме жұмыс істейді, олардың арасында: