«Туған елге тағзым» өлкетану экспедициясының зерттеу жобаларын қорғаудың ең жауапты кезеңі басталды. Жобаға Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінен 9 бағыт бойынша 29 оқушы қатысуда. Жалпы саны 14 жоба қорғалады.
Жобаның алғашқы күнінде 3 оқушы өз бағыттары бойынша жобаларын қорғап шықты. Соның бірі 12 «D» сынып оқушысы Гульназ Аманжолова. Ол «Жасыл планета» бағыты бойынша «Sarqyt» жобасын қорғап, Ақтөбе қаласынын тұрғындарын тамақ қалдығын қоқысқа бостан-босқа тастамай, әрі қарай пайдаға жаратуды үйретпек. Гүлназ мейрамханалар мен сауда орталықтарына арнайы ұсыныс тастап, олармен тығыз жұмыс істеуде.
Sarqyt жобасы қазақи салт атауымен аталғанымен, инстаграм желісіндегі адамдарға дайын өнімдермен бөлісуге мүмкіндік беретін онлайн-платформа. Жоба фудшеринг, қалдықсыз өнім тұжырымдамаларына негізделген. Кез келген қала тұрғыны қандай да бір себептермен желінбеген немесе ысырап болып қоқыс жәшігіне түспеуі үшін тағаммен тегін бөлісе алады.
Ал, екінші болып жоба қорғаған 12 сынып оқушылары Жанель Еспанова мен Диар Дускенов «Жасыл планета» бағытында «Ақтөбенің жасыл қартасы» тақырыбын таңдаған. Жобаның идеясы Ақтөбе көшелерінің ластану проблемасынан, сондай-ақ қоқыс жәшіктерінің көп мөлшерде қоқыс пен пластикке толып кетуінен туындады. Оқушылар бағасы жазылған белгілі бір қоқыс жинау орындарын табуға болатын картаны құру. Бұдан басқа, тұрғындарды қоқыс жинау пункттерінің орналасуы мен қалдықтардың зияны туралы ақпараттандыруды көздейді.
Нәтижелер салтанатты түрде 7 қазанға жарияланады. «Туған елге тағзым» экспедициясының бейне күнделіктері жобаға қатысушылар мен жетекшілердің сұхбаттары, жеке ой-пікірлері жарияланады. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!