Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің үздік оқушылары 350 – ден астам тәрбиеленушісі бар №3 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің ішкі тыныс-тіршілігімен танысты. NIS оқушыларына атқа міну тәртібін үйретті. Ондағы жас спортшылар «Аударыспақ», «Көкпар», «Теңге алу» ұлттық спорт түрлерін көрсетіп, ойын ережесін түсіндірді. Зияткерлік мектеп оқушылары атқа мініп, серуендеп те көрді.
Мекеме бапкері балалардың тек ат спортына ғана емес, қазақ күресі мен тоғыз құмалақ үйірмелеріне келетінің айтты. 4 Қазақстан чемпионы, 3 Азия чемпионы шыққанын ортаға салып, Ақтөбе облысының намысын қорғайтын Ержанов Шыңғыс, Серғазин Азамат, Сағынбаев Арман сияқты тәрбиеленушілерінің жетістіктерін көрсетіп, оқушыларға үлгі етті.
«Туған елге тағзым» ғылыми-танымдық экспедициясы Ақтөбе қаласының түкпір-түкпірін аралап, құрметті азаматтарымен тілдесіп, зерттеу жұмыстарын жүргізуде.