Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептер желісіндегі «Туған елге тағзым» өлкетану – зерттеушілік жобасының екінші күні. Ақтөбелік зияткерлер әр түрлі секциялар бойынша, 6 жобанын зерттеулерімен бөлісіп жатыр.⠀
⠀
Солардың бірі Ақтөбе облысының, Ойыл ауданында орналасқан Көкжар жәрмеңкесі. 9-сынып оқушылары Әлихан Қалмагамбетов⠀пен Айдана Көзбағарова жәрмеңке туралы ақпаратты мүмкіндігінше көпшілікке жеткізуді көздейді. Википедия қорын Көкжар жәрмеңкесі туралы мәліметтермен толықтырып, зерттеу нәтижесінде алынған материалдарды «Туған елге тағзым» туристік маршрутына пайдаланғылары келеді. ⠀
⠀
– Уақытында бұл жәрмеңке оңтүстік пен солтүстікті байланыстырды. Ойыл бекінісіндегі Көкжар жәрмеңкесі Батыс Қазақстандағы ірі сауда орталықтарының бірі болған. Көкжар жәрмеңкесінің тақырыбы қазіргі қазақ тарихнамасында аз зерттелген. Сондықтан жәрмеңкенің маңыздылығы туралы қоғамды ақпараттандырғымыз келеді, – дейді өз сөзінде Әлихан.⠀
⠀
Ал Аянат Ислам, Жанерке Өтеген және Гауһар Нұрмағанбетова қаламыздағы шыршалардың неліктен өліп қалатынына алаңдаулы. Олар өз жобасында шырша көшетін дұрыс отырғызу жолдарын зерттеген. ⠀
⠀
– «ТЕТ» экспедициясы туған өлкемдегі проблемаларды байқап, оларды шешу жолында ізденіп, талдап, мақсат қою дағдыларымды жетілдірді, – дейді 8-сынып оқушысы Гауһар Нұрмағанбетова.⠀
⠀
Айшат Темірбаева «Ақтөбе өңіріндегі ашаршылық мәселесінің барысы, демографиялық және әлеуметтік салдары» жобасында жаппай⠀миграциялық көшу үрдісін, аудандарға азық-түлік көмектерінің ұйымдастырылуын, халық арасында індеттің таралуын және жетімдер санының артуы мен себептерін зерттеген.