«Туған елге тағзым-2022» жобасы аясында Ақтөбе қаласындағы NIS 8-9 сынып оқушылары үшін «Қазхром» ТҰК» АҚ экскурсия ұйымдастырды. Экскурсиялар барысында Зияткерлік мектеп оқушылары темір рудасының, алюминийдің және феррохромның қалай өндірілетінін білуге және завод қызметкерлерінің қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік алды.
Экскурсия маршруты қауіпсіздік техникасы бойынша ақпараттан басталды, онда зияткерлерге жеке қорғану құралдары – респиратор, каска, көзілдірік, шағылыстыратын кеудеше берілді. Әрі қарай автобуспен балалар негізгі балқыту цехтарының жұмысын
тамашалады. Оның ішінде №4 балқыту цехына экскурсия қызықты өтті. Зауыт қызметкерлері оның әлемде теңдесі жоқ екенін айтты.
Ақтөбе ферроқорытпа зауыты – өз тарихын соғыс уақытынан алады. 1943 жылы зауытта алғашқы «Комсомолка» пеші іске қосылды. NIS оқушылары бұл пештің бірінші балқыту цехында әлі жұмыс істеп тұрғанына таң қалды.
– Зауыт қызметкерлері өндіріс көлемі жылына 700 мың тоннаға жуық ферроқорытпаны құрайтынын айтты. Ал №4 жаңа цехта бірегей заманауи пештер орнатылған. Ол көлемі жағынан да, өндіріс процесінде де таң қалдырады. Біз өндіріс циклімен таныстық. Сонымен қатар олар дайын өнімді көрсетті. Алюминийден костюм киген балқытушының қажырлы еңбегіне қарап, оның жұмысының орасан зор тәуекелден тұратынын сезінесің. АФЗ – заманауи және тұрақты дамып келе жатқан кәсіпорын, – деді NIS 9-сынып оқушысы Есенбай Есенкелді.