«Туған елге тағзым» жобасының үшінші күні⁣⁣⁣⁣⠀

11-сынып оқушысы Мәди Долмағамбетов пен 8-сынып оқушысы Райлина Ли Ақтөбе облысының археологиялық қазба жұмыстарының картасын жасап шығарды. Жоба Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайымен бірігіп жасалды.⁣⁣⠀

⁣⁣⠀⁣⁣⠀

– Біздің міндетіміз картаның техникалық жағын арттыру болды: белгілі бір кезеңдерге қарай археологиялық қазба жұмыстарын жарықдиодты шамдармен жабдықтау. Көк түспен белгіленген шамдар – тас дәуірінің орындары, жасыл шамдар – ерте темір дәуірінің кесенелерін көрсетеді, тағы сол сияқты, – деді зияткрелер.⁣⁣⠀⁣⁣⠀

⁣⁣⠀⁣⁣⠀

Әлібек Тұрғанбаев – «AktobeIPR» ақпараттық сипаттағы мобильді қосымшасымен таныстырды.⁣⁣⠀⁣⁣⠀

Қосымшада Ақтөбе қаласының инновациялық, индустриалды дамуына қатысты зерттеулер жүргізіліп, java бағдарламалау тілінде жасалды. Жоба өнеркәсіптерге, өңірдің инновациялық дамуына қатысты сенімді деректерді қамтиды.⁣⁣⠀⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

– Біз алдағы уақытта жобамызды халықаралық деңгейге шығарғымыз келеді және бұл қосымшаны инвесторларға бағытталған етіп жасаймыз. Бұл қосымшаның біздің қаламыздың дамуына пайдасы тиетініне сенімдімін, – деген ойда жоба жетекшісі Шадияр Тажгуразов.⁣⁣⠀⁣⁣⠀

⁣⁣⠀⁣⁣⠀

Ал Ербол Әлиханов автобус аялдамалар туралы қосымша ойлап тапты:⁣⁣⠀⁣⁣⠀

⁣⁣⠀⁣⁣⠀

– Барлық қала тұрғындары қай аялдамаға қандай автобус келетінің біле бермейді. Уақытында автобусқа міну үшін қосымшаға олардың графигін және аялдамалар туралы ақпарат енгіздім.