ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ЖЕЛІЛІК СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ⁣⁣

Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында тоғызқұмалақтан ІV желілік спартакиадасы басталды. Жарыс 1-3 қараша аралығында онлайн түрде өтеді. Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің намысын Асылжан Кәрібаев (10-сынып), Әсем Әділгереева (11-сынып), Алина Алиева (7-сынып) және Әлібек Тұрғанбаев (9-сынып) қорғайды.⁣⁣⠀

Спартакиада PlayOk платформасында өтуде. Жарысқа Назарбаев Зияткерлік мектептерінен 90 ойыншы қатысуда. ⁣⁣⠀

– Мен тоғызқұмалақпен он жасымнан айналысамын. Назарбаев Зияткерлік мектебінде де тоғызқұмалақ үйірмесі барын біліп қуандым. Желілік спартакиадаға үш жыл қатарынан қатысып, былтыр үздік үштікке кірдім. Осы жылғы жарыс қабілетімді одан әрі шыңдай түсетініне сенімдімін, – дейді 9-сынып оқушысы Әлібек Тұрғанбаев.⁣⁣⠀