Онлайн-кеңестің алғашқы күні еліміздің әр өңірінен ондаған мың педагог жиналды. Сарапшылар жаңа оқу жылына арналған міндеттерді, ағымдық және қорытынды бағалаудың форматы мен мазмұнын, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды талдады, ал зияткерлік және жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері шеберлік сыныптарын дайындады.
Бірінші күннің спикерлері арасында Ақтөбедегі NIS директорының орынбасары Айгүл Асанова мен физика пәні мұғалімі Мират Оспанов, биология пәні оқытушысы Гүлназ Успанова бар.
22-23 тамыз аралығында NIS педагогтары вебинарлар, мастер-кластар мен презентацияларды онлайн форматта өткізеді.
Тамыз конференциясының бүгінгі сессиясын https://conf.nis.edu.kz/august-conference/nac-2022-2/ сілтемесіне өтіп көре аласыздар.