«TDK-42» телеарнасы: 17 жастағы ақтөбелік оқушы вирустардан қорғайтын “ақылды” маска ойлап тапты

Оған тігілген  “чип” ауадағы зиянды заттардың концентрациясын анықтайды және ластану деңгейі нормадан асып кетсе сигнал береді. Арман Жалғасбаев өз жобасын робототехника бойынша халықаралық конкурста сәтті қорғады. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Арман Жалғасбаев ауадағы зиянды заттардың концентрациясын анықтайтын респиратор мен электронды анализатордан жасалған  “ақылды ” масканы жинады. Bluetooth арқылы барлық ақпарат смартфонға түседі, ал арнайы құрылғы көмегімен маска дезинфекцияланады және бірнеше рет киюге жарайды.

Дереккөз: http://tdk42.kz/ru/2021/02/12/17-letnij-shkolnik-iz-aktobe-pridumal-umnuyu-masku-kotoraya-zashhishhaet-ot-virusov/