Тәуелсіз елдің ұрпағымын!

Ел Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай 🌱Ақтөбе қ. физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қашықтан өткізілген «Тәуелсіз елдің ұрпағымын» шығармашылық байқауы қорытыланды. Оқушылардың шығармашылық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылған мектепішілік байқау 29 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтті. 📝Эссе, 📜поэзия және 🎨сурет өнері бағыттары бойынша 40-тан астам жұмыс қаралды.Үздік деп танылғандар марапатталып, Marwin балалар тауарлары дүкендер желісінің сертификатына ие болды. 🎊Құттықтаймыз!

 

✔️«Үздік эссе» номинациясының иегері – 9Е сынып оқушысы Дамир Кустаев
✔️«Үздік эссе» номинациясының иегері – 12А сынып оқушысы Асемжан Мадемиханова
✔️«Үздік поэзия» номинациясының иегері – 9С сынып оқушысы Нұржан Сұлтанов
✔️«Үздік сурет» номинациясының иегері – 10В cынып оқушысы Амина Кангельдина