Жыл сайын NIS түлектері Кембридж халықаралық кеңесінің емтиханын тапсырады, оның тапсырылуына жарты ай қажет. Сыртқы жиынтық бағалау емтихандары халықаралық A-деңгейімен салыстырылады. Осы емтихандар нәтижесінде Ақтөбелік зияткерлер Әсем Жайшылық пен Камила Жақсылық барлық пәндерден А* алды. Сондай-ақ, мектеп бітіруші 158 түлек арасында математикадан 230 ұпайдың 219-ын жинаған Диас Саниязов ең жоғары нәтиже көрсетті.
Тағы он түлек Арман Жалғасбаев, Диас Шымбай, Әсия Тайжанова, Айжан Сағидуллаева, Аида Көптілеуова, Гүлсезім Нышан, Диас Саниязов, Сұңқар Болат, Андрей Тимонин және Ақмерей Нұрлыбай бес пәннің төртеуінен А* жинады.
Мұндай емтихандарды тапсыру өте қиын, соған қарамастан Зияткерлік мектеп оқушыларының жақсы дайындалғанын тәжірибе көрсетуде.
Әрбір оқушы бес пән бойынша емтихан тапсырды, әр пән 2-3 компонентті қамтиды. Бейіндік пәндер – физика, химия және биология бойынша практикалық жұмыс жасалды. Емтихан материалдарының әртүрлі формалары беріледі: қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтар, тапсырмалар, эсселер, курстық жұмыстар, эксперименттік тапсырмалар.