Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақхана ұжымы «Қоғамға қызмет ету» жобасы аясында «Сыйлыққа гүл» акциясын ұйымдастарды. Жатақхана оқушылары мен тәрбиешілері бос уақыттарын гүл отырғызуға арнап, оларды қаламыздағы «Аяла» балаларды оңалту орталығына сыйға тартты. Бірнеше ай еңбектеніп, бөлме өсімдіктерін күтіп-баптаған балалар гүлдердің денсаулыққа оң әсер ететініне сенімді. Жатақхана қызметкерлері Гүлмира Жолдығұлова, Гүлнар Айкенова мен Анар Ниязалинаның жетекшілігімен ұйымдастырылған акцияға «Озат» және «Алау» шаңырақтарының оқушылары да қосылды. Сондай-ақ «Аяла» орталығының тәрбиеленушілеріне қажетті киім-кешектер жөнелтілді. Бұл игі іс оқушыларды қамқор әрі жанашыр болуға үйретіп, еңбек етуге тәрбиелейді.
«Сыйлыққа гүл» акциясы
