Ақтөбе қ. физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 🎨«Өнер әлемі» атты көрме ұйымдастырылды. 📚Білім мен өнерді қатар алып жүрген оқушылар ТЖ кезінде де 💻онлайн форматта өткізілген «Art Studio» және декоративті-қолданбалы өнер үйірмелеріне қатысып, шығармашылығын тоқтатпады. Нәтижесінде 60-қа жуық зияткер бейнелеу өнерінің түрлі техникасын меңгеріп, суреттері мен қолөнер бұйымдарын ұсынды. Көрменің қызықты әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылуы талантты оқушылар мен өнер пәні мұғалімдері – Мира Тажбенова, Сауле Қарасаева, үйірме жетекшілері – Ақмарал Жаманова мен Гүлнар Айкенова секілді білікті мамандардың арқасы. 💡Шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін!