Мектебіміздің «Бәйтерек» және «Болашақ» шаңырақтары қала тазалығына жауапты қызметкерлер мен құрылысшыларға ыстық шай және бауырсақтар таратты. Ақпанның аязды аптасында жұмысшылардың көңіл-күйін көтеріп, күш-қуат пен жылулық сыйлаған оқушылар үлкен алғысқа бөленіп қайтты. Қайырымдылық акциясына зияткерлердің ата-аналары да үздіксіз ат салысып келеді. Олардың айтуынша, тәлім-тәрбие – адам бойына гуманистік қасиеттерді сіңіруден басталады.
⠀
Айта кетсек, мектебіміздің шаңырақтар қауымдастығы қайырымдылық акцияларынан өзге білім, серіктестік және экологиялық бағыттарда іс-шаралар өткізіп жүр.