Сенбілік – тазалық кепілі

Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде Ақтөбе қаласы, Астана ауданы бойынша санитарлық тазалау және аббатандыру бойынша екі ай сенбілк жұмыстары басталды. Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің 80-нен аса оқушылары белсенділік танытып, қаланың тазалығына өз үлесін қосты.

«Батыс-2» шағын ауданында сенбілік барысында қоқыс жиналып қана қоймай, адам өміріне қауіп төндіретін жалаң сымдар, сынық орындықтар мен жарық шамдары табылды. Қауіпті жерлерге Зияткер оқушылар «Абайлаңыздар!» немесе «Осторожно!» жазуы бар парақтарды жабыстырып кетті.
Сенбілікке қатысқан оқушылар мен кураторлар қала тұрғындары мен қонақтарын медициналық маска, бос бөтелке, шемішкенің, әсіресе, темекінің қалдықтарын қоқысқа тастап жүруін өтініп сұрайды.

– Тазалық шаралары оқушыларды табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және оқып жүрген, тұрып жатқан жерінде тазалықты сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған, – деп атап өтті директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанна Имжарова.