«Салауатты өмір салты» апталығы өтті

Сәуір айының соңында «Салауатты өмір салты» апталығы өткен болатын. Апта аралығында оқушыларға әр түрлі шаралар ұйымдастырылды. #СпортвнашейсемьеNIS видео челендж ұйымдастырылып, үлкен үзілістерде флэшмоб, витаминотерапия, «Life Chemistry», «Лаборатория ЗОЖ» – атты қызықты практикалық сабақтары өтті. Шара соңында оқушылар өздерінің ойларымен бөлісіп, кері байланыс берді.

– Салауатты өмір салты – зиянды әдеттерден аулақ болуды да көздейді. Осы орайда «Life Chemistry» тәжірибе сабағы көрсетілді. Сабақта жастар арасында сұранысқа ие болып жүрген электронды шылымның адам денсаулығына тигізетін кері әсерін көріп, зиянын ұқтым, – деп бөлісті 7 класс оқушысы Ғани Телағыс.

– Ал маған үлкен үзілістерде таза ауаға шығып, би билеген қатты ұнады. Бұл өз кезегінде энергия беріп, сабаққа деген зейінімді арттыра түсті,- дейді 7 класс оқушысы Мәдина Майлыбаева.