«Рика» телеарнасы: «AquaPAC» жобасы ауадан ауыз су алады

Ақтөбе қ. физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушылары Арман Жалғасбаев, Төлеген Айтени және Ернұр Жанғалиев шалғайдағы елдімекендерде орын алған су тапшылығы мәселесін зерттеп, оның шешімін тапты. «AquaPAC» жобасы ауадан ауыз су алады: алдымен конденсация әдісі арқылы бу сұйықтыққа айналады, сүзгіден өтеді және ультракүлгін сәулелер арқылы өңделеді. Құрылғының тағы бір ерекшелігі – салмағы жеңіл әрі көлемі ықшамды. Бұл өнертабыс тұтынушыны 1 тәулікке жететін су қорымен қамтамасыз етеді. Ғаламдық мәселелерді шешуге бағытталған жоба авторлық құқыққа да ие. Осы және өзге де жобалар жайында мектебіміздің физика пәні мұғалімі, ғылыми жобалардың жетекшісі Жәнібек Жанкулов шәкірті Арман Жалғасбаевпен «Рика» телеарнасының «Из первых рук» бағдарламасында айтып берді.

Дереккөз: http://www.rikatv.kz/