Раушан Тәжімова мен Аян Смағұл Америка консулдығы грантын жеңіп алды⁣⁣

Ақтөбелік NIS оқушылары Раушан Тәжімова мен Аян Смағұл АҚШ консулдығының грантын жеңіп алды. Зияткерлер @nis.reveal білім беру жобасын құрды, онда олар әртүрлі елдердің мұғалімдерінен сұхбат алады. Көрермендер шетелдік немесе ағылшын тілінде сөйлейтін жергілікті мұғалімдердің әңгімелерін тыңдай отырып, Instagram-да тіл үйрене алады. Сол үшін сұхбаттар ағылшын тілінде болады. Бөлінген 500 долларға оқушылар түсірілімге қажетті құрал-жабдықтар сатып алды.⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

Раушан мен Аянның айтуынша, барлығы осы жылдың тамыз айында Астанадағы АҚШ елшілігі мен American Councils for International Education оларды 2022 жылғы Kazakhstan Youth Leadership конференциясына шақыруынан басталды. Зияткер оқушылар Астана IT университетінің кампусында бес күн болды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 50 қатысушы және Harvard University, Move Mountains, Columbia University, Washington and Jefferson College, Geneva Business School және т.б. оқу орындарынан тәлімгерлер қатысты.⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

– Бәлкім, бұл біздің өміріміздің ең жемісті және қызықты күндері болған шығар. Таңғы сағат 6-дан түнгі 11-ге дейін біз жаңа достарымыздың және американдық консулдықдың алдында сөйлеу арқылы сәтті жобаларды әзірлеу үдерісін зерттеп, біліктілігімізді арттырдық, – дейді 12-сынып оқушысы Раушан Тәжімова.⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

«Сонымен қатар, мұның бәрі ойын түрінде өтті, көптеген командалық тренингтер мен қызықты ойындар болды. Бәрінен де бізге күніне алты рет берілген тағам мен екі қабатты қызыл автобуста қаланы аралағанымыз ұнады!», – деп Аян сапардан алған әсерімен бөлісті.⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

Назарларыңызға Ақтөбе қаласының Зияткерлік мектебінің химия пәні мұғалімі Доминик Оуконың қатысуымен NIS Reveal жобасының алғашқы бейнебаянын ұсынамыз. Аян мен Раушан бізді апта сайын жаңа сұхбаттармен қуантпақшы.