Құжат қабылдау 5 қаңтарда басталады

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2022-2023 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялайды.⁣⁣⠀

⠀⁣⁣⠀

Құжат қабылдау 2022 жылғы 5 қаңтардан 21 ақпанға дейін жүргізіледі.⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

Қажетті құжаттар тізімі:⁣⁣⠀

💠Конкурсқа қатысуға өтініш және сауалнама (қабылдау комиссиясында толтырылады)⁣⁣⠀

💠Үміткердің ЖСН нөмірі көрсетілген туу туралы куәлігінің көшірмесі;⁣⁣⠀

💠Үміткердің ата-анасының (заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі;⁣⁣⠀

💠Үміткердің 5 сыныпты аяқтағаны туралы жылдық табельдің және 6 сыныптың І/ІІ тоқсанын аяқтағаны туралы табельдердің көшірмесі; (табельде мектеп директорының қолы және білім беру ұйымының мөрі болуы қажет)⁣⁣⠀

💠Үміткердің 3х4 және 1 мб форматындағы 1 дана электронды фотосы немесе қабылдау комиссиясы тегін фотоға түсіреді;⁣⁣⠀

💠Құжаттарды сақтайтын пластикалық файл папкасы;⁣⁣⠀

⠀⁣⁣⠀

📌Қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі:⁣⁣⠀

дүйсенбі-жұма күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін.

📌Түскі үзіліс уақыты: 12.00-13.00-ге дейін⁣⁣⠀

7 қаңтар – мейрамға б/ты демалыс күні⁣⁣⠀

⠀⁣⁣⠀

📌Тестілеу 2022 жылғы 14-15 сәуір күндері өтеді.⁣⁣⠀

⁣⁣⠀

Санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылдау комиссияға келу үшін арнайы онлайн брондау қызметін пайдаланып, кезекке тіркелу керектігін хабарлаймыз.⁣⁣⠀

⠀⁣⁣⠀

Құжаттар тізімі, брондау қызметі, конкурстық тапсырмалар үлгілері және тағы басқа сұрақтар бойынша ақпаратты 🔗akb.nis.edu.kz сайтынан көруге болады.⁣⁣⠀

⠀⁣⁣⠀

📍Құжат қабылдау мекен-жайы: Ақтөбе қ., Батыс 2 м.а., Мәңгілік ел к. 8.⁣⁣⠀

⠀⁣⁣⠀

☎️8 (7132) 70 47 80