Құрметті ата-аналар мен үміткерлер! Конкурстық іріктеу 2022 жылдың 14-15 сәуірінде өтеді

❗️Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқуға ниетті оқушылар арасында өткізілетін конкурстық іріктеуге 2 күн қалды.

Тестілеуді өткізу уақыты (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша):

1 ауысым (үміткердің рұқсат қағазында көрсетілген)

Тіркеу: сағат 07.00 – 09.30

Бейненұсқаулық: сағат 09.40 – 10.00

Тестілеу: сағат 10.00 – 12.00

2 ауысым (үміткердің рұқсат қағазында көрсетілген)

Тіркеу: сағат 14.00 – 16.00

Бейненұсқаулық: 16.10 – 16.30

Тестілеу: 16.30 – 18.30

❗️Тіркеу орталықтандырылған түрде Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 09:31 және 16:01-де жабылады, үміткерлер көрсетілген уақыттан кейін тестілеуге кіргізілмейді.

Конкурстық іріктеудің бірінші күнінде, яғни 14 сәуірде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді меңгеру қабілеттілігін анықтау бойынша тест өткізіледі. Үміткерлердің «Математика», «Сандық сипаттамалар» және «Жаратылыстану» бөлімдері бойынша білімдері тексеріледі. Ал тестілеудің екінші күнінде, яғни 15 сәуірде үміткерлер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен тест тапсырады.

«Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына «Математика» бөлімі бойынша 35% (140 балл) және одан жоғары балл жинаған, «Сандық сипаттамалар» бөлімі бойынша 40% (120 балл) және одан жоғары балл жинаған үміткерлер жіберіледі.

Тестілеу кезінде үміткерлер өзімен бірге рұқсат қағазын, қара сиясы бар шарикті қалам (гельді емес) және зат таңбасы жоқ бөтелкеде су алып келу қажет.

❌Тыйым салынған заттар.

• ұялы телефон

• фото/бейне жабдықтар

• калькулятор

• жазып алушы құрылғы

• құлаққап

• кітаптар

• сөздік

• сызғыш

• блокнот

• циркуль

• маркер

• шимай парақ

• қарындаш пен өшіргіш

• түрлі электрондық құрылғылар (смарт-сағат)

• тамақ пен сусын (судан басқа)

• сөмке

• баскиім

❗️Тестілеу кезінде тыйым салынған заттар табылған жағдайда үміткер аудиториядан шығарылады және оның тестілеу нәтижелері жойылатының ескертеміз.

Қосымша ақпарат: 8 (7132) 41 17 37