«Қоғамға қызмет ету» жобасы

✔️Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 💡«Қоғамға қызмет ету» жобасы аясында мектебіміздің «Хан» және 💜«Озат» шаңырақтары қала тазалығына жауапты қызметкерлерге ☕️ыстық шай мен 🍞нан өнімдерін таратты. 📌Дәстүрге айналған игі іске 20-ға жуық ерікті оқушы және ата-аналар қатысты.

⁃ Қытымыр қыс кезінде бойымызға қуат пен жүрегімізге мейірім ұялағандай. Балаларымыз да, біз де өте қуаныштымыз. Жұмысшылардың алғысына бөленіп қана қоймай, достық атмосферасын сезіндік, – дейді ата-аналар.

📝Айта кетсек, мектебіміздің шаңырақтар қауымдастығы қайырымдылық акцияларынан өзге білім, серіктестік және экологиялық бағыттарда іс-шаралар өткізіп жүр.