ҚазАқпарат: Ақтөбеде оқушылар замандастарын емтиханға тегін дайындап жүр

ҚазАқпарат – Ақтөбедегі NIS оқушылары аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларына көмектесіп жүр. Олар математика, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен онлайн дәріс береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мектеп оқушылары Аружан Бишекенова мен Әсия Тайжанова «Қоғамға қызмет ету» әлеуметтік жобасы аясында замандастарына дәріс беруді бастады. Қазіргі уақытта олар Ақтөбе және аудандарда тұратын көпбалалы, толық емес немесе аз қамтылған отбасылардан шыққан 40 баланы қашықтан емтиханға дайындап жүр.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz/aktobede-okushylar-zamandastaryn-emtihanga-tegin-dayyndap-zhur_a3742981