«Ұлы дала ақындары» жобасы аясында «Қадыр әндері қалықтасын!» атты Қадыр Мырза Әлі сөзіне жазылған әндерді орындаудан 🌱NIS оқушылары арасында өткен желілік онлайн байқауда Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Лунара Булатова жүлделі 🥉III орынды иеленді. «Қуаныш күтіп тұр алда» әнін орындаған жас өнерпаз желілік байқауға алғаш рет қатысты. Ал халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп, қазақ жерінде ғана емес, шетелдерде де танылған «Атамекен» әнін орындағын 11-сынып оқушысы Рустам Ерік арнайы дипломмен марапатталды. Көркемдік жетекшілері: Самал Талғатқызы және Рүстем Сүлейменов.
✔️Айта кетейік, @nis.pmd.shym Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастырумен өткен онлайн-байқауда 20-ға жуық өнерпаз бақ сынасты.